Прокурордың наразылығымен сот үкімінің күші жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының тұрғыны сот үкімімен аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды (200гр. мефедрон) өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін кінәлі болып танылған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде сотталғанның қылмыстық іс-әрекеті дұрыс сараланбағаны анықталды.

Өйткені оның әрекетінде ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар екені, яғни адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі мефедронды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау белгілері көрінеді.

Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан сот қарауына жіберілді.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға саламыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1227454?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version