Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко Павлодар қаласындағы №34 мектептің түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады.
2025–2026 оқу жылында мектепті 79 түлек аяқтап отыр. Олардың қатарында «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткерлер, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Оқушылар пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда және IT бағытында ерекше жетістіктерге жетті. Мектеп түлегі Игорь Мартынюк республикалық олимпиаданың жеңімпазы, NASA Space Apps Challenge финалисі және жеке IT-жобаның негізін қалаушы ретінде өңір намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүр.
Оқушылардың жоғары нәтижелері — педагогтердің жүйелі еңбегінің, шәкірттердің талпынысы мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басып, биік белестерді бағындырып, туған қаласы мен елінің абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/1227689?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау