«Қауіпсіз жол»: Жармыш ауылында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның мақсаты — тұрғындармен ашық байланыс орнату, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың сауалдарына жедел жауап беру.

Акция барысында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, құқықтық кеңестер берді.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға:
🔹 күмәнді сілтемелерге өтпеу;
🔹 жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу;
🔹 жалған хабарламалар мен қоңырауларға сақ болу қажеттігі ескертілді.

Шара соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

https://www.instagram.com/reel/DYrDz88OELS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1227372?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version