Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен өткен алқа отырысына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен өткен алқа отырысына қатысты.

Күн тәртібінде:
1. Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі;
2. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтің, есірткі қылмыстарының, деструктивті діни ағымдар идеяларының алдын алу және мектеп формасының сақталуын қамтамасыз ету;
3. Мектепке дейінгі ұйымдардағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйі және санитариялық талаптардың сақталуы туралы;
4. кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздік шаралары мәселелері қаралды.
Жиынға Сараптамалық кеңес мүшесі мен «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі қатысты.

Баяндама жасағандар:
▪️ Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қ.Ысқақов;
▪️ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ө. Сеитов;
▪️ Шымкент қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Ұ. Мылтықов;
▪️ Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары К. Уәлиханова.

 Жиын барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1227465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version