2026 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және сараптамалық кеңес мүшесі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барды.
Бару кезінде орталықтағы азаматтарға жасалған жағдайлармен танысып, мекеменің қызмет көрсету сапасын көріп. Атап айтқанда, қызмет алушылардың ұстау жағдайлары, медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтану жағдайы және қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуы назарға алынды.
Мұндай жұмыстар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1227440?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау