ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті.
 
Маңызды кездесуге Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов қатысып, аудан тұрғындарымен ашық пікір алмасты. Қабылдауға сот орындаушылар, адвокаттар және нотариустар да қатысып, азаматтарға құқықтық кеңестер ұсынды.
 
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсету.
 
Қабылдау барысында азаматтардың жеке өтініштері мұқият қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, жер дауы, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтеріліп, құқық қорғау және сот саласының мамандары нақты құқықтық бағыт-бағдар берді.
 
Сонымен қатар, іс-шара аясында заманауи цифрлық мүмкіндіктер таныстырылып, жасанды интеллект негізінде әзірленген құқықтық кеңесші жүйесінің іске қосылғаны жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1227874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version