Қостанай қаласында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай ерекше әрі әсерлі флешмоб ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай ерекше әрі әсерлі флешмоб ұйымдастырылды.
Қаланың 1500-ге жуық түлегі сынып жетекшілері мен мектеп директорларымен бірге «Жастар Сарайы» алаңына жиналып, достық пен адалдықты арқау еткен «Жан досым» әнін орындады.
Бұл шара мектеппен қоштасып тұрған түлектердің бірлігі мен шынайы достығын айшықтаған ерекше сәтке айналды.
Флешмоб соңында түлектер «Біз — Қазақстанның болашағымыз!» деп ұрандап, жарқын болашаққа деген сенімдері мен мақсаттарын айқын білдірді.
2025–2026 оқу жылында мектепті 1468 түлек бітіреді, олардың қатарында 53 «Алтын белгі» үміткері, ал 75 түлек — үздік аттестат иегері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1227865?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version