2026 жылғы 25 мамырда екіжақты ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шарбиев пен Латвия Республикасының Климат және энергетика министрлігінің Парламенттік хатшысы Янис Ирбе арасында кездесу өтті.
Екі тарап орман шаруашылығы, орнықты табиғатты пайдалану және биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесін талқылады.
Аталған құжат серіктестік қатынастарды нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуды дамытуға және орнықты орман шаруашылығы саласында озық тәсілдерді енгізуге бағытталған маңызды қадам болатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экология және орман шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға ниетті екендерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1227784?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау