20 мамыр күні, Жезқазған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен «Қызмет алушы күні» аясында іс-шара өтті.
Кездесу барысында тұрғындарға салық заңнамасының талаптары, салық міндеттемелерін орындау тәртібі түсіндіріліп, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді салық салуға қатысты өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетілді.
Мамандар қолданыстағы салық режимдері, салық есептілігін тапсыру тәртібі және салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Азаматтарға әдістемелік ұсынымдар беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Іс-шара барысында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ салық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1227402?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау