🔶 Мемлекеттік аудит жүйесі – мемлекеттік қаржының дұрыс әрі мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік беретін негізгі тетіктердің бірі. Ол тек анықталған заңбұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, олардың алдын алу шараларын күшейтуге және мекемелердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
🔶 Конференцияға қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласының мамандары, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт мекемелерінің басшылары мен есепке жауапты мамандары қатысты.
🔶 Жиын барысында облыстық Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Б.С. Ниеталиев пен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.А. Құрақбаев баяндама жасап, аудит кезінде анықталатын негізгі мәселелер мен оларды болдырмау жолдары жөнінде түсіндірме берді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
🔶 Кездесу соңында қатысушылар қаржылық бақылау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1227892?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау