Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы инвесторлар мен мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне назар аударды.
Қазіргі таңда өндірістік аймақта орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандардың ғимараттарына сыртқы әрлеу және қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңдарында қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Аудан әкімі өндірістік парк аумағындағы құрылыс қарқынын тұрақты бақылауда ұстап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1228003?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау