Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ауыл шаруашылығы, құрылыс бөлімі және тұрғын үй инспекциясы мекемелерінде өрт қауіпсіздігі мен жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар өрттің алдын алу, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-қимылдар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз әрекет ету тәртібі, қорғану жолдары және алғашқы көмек көрсету мәселелері түсіндірілді. Кездесу соңында қызметкерлерге арнайы жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1227262?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау