Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы; Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері талқыланды.
Аталған мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Жандарбеков баяндап өтті.. Сонымен қатар, Отырар ауданы әкімдігі жанынан құрылған комиссиялар құрамына енгізілген өзгерістер бойынша аудан әкімі аппаратының заңгері А.Әмірхан хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.
Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-otyrar/press/news/details/1227511?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау