Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметте «Адал азамат» қағидатын ұстану тақырыбы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында жиналыс өткізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Ж. Шәріпбековтің қатысуымен 2026 жылғы 22 мамырда Департамент қызметкерлері арасында «Адал азамат» қағидатын ұстану тақырыбында түсіндірме жүргізу мақсатында жиналыс болды.
Жиналыс барысында Департамент басшысымен мемлекеттік қызметшінің адалдығы, әділдігі, әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халыққа сапалы қызмет көрсету мәселелері түсіндірілді.
Яғни, мемлекеттік қызметшінің қызмет барысында әдептілік танытуы, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, сабырлылық және құрмет көрсетуі– мемлекеттік қызмет этикасының басты талаптарының бірі болып саналатындығы туралы айтылды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта заманауи мемлекеттік қызметкер өз саласын жетік меңгеріп, үнемі білімін жетілдіріп, жаңа технологиялар мен басқару тәсілдерін меңгеруге ұмтылып, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінсе, өз жұмысын тиімді ете алатындығы жөнінде ескертілді.
Кездесу қорытындысында, Департамент басшысымен қызметкерлерге осындай қасиеттерді бойына сіңірген адал әрі кәсіби мемлекеттік қызметші ғана халық сеніміне ие болып, ел дамуына үлес қоса алатындығы туралы жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1227744?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау