Шомылу маусымы кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігіv

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс аумағында жалпы ұзындығы 10 000 км-ден асатын 800 өзен ағып жатыр, шамамен 1000 көл бар. Шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады.

ШҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы Эльдар Шаймарданов БАҚ шығу брифингінде облыстық әкімдіктің қаулысына сәйкес облыста жаппай демалуға арналған 23 учаске анықталғанын хабарлады. Өскемен-3, Риддер – 1, Алтай – 1, Зайсан– 1, Үлкен Нарын – 1, Күршім– 2, Самар – 2, Ұлан – 8, Марқакөл– 1, Тарбағатай– 1, Глубокое– 1, Шемонаиха– 1 аудандарында. Оның ішінде коммуналдық – Ұлан ауданындағы 9, 8 жеке және 1 муниципалды жағажай.

ТЖД және ЖАО қызметкерлерінен тұратын демалыс орындарының түбін тексеру және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін көзбен шолып қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстары басталды, оның соңында дайындық актісі беріледі. Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД атына нысандардың түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 16 өтінім келіп түсті.

Облыс акваторияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Рейдтік іс-шараларға Өскемен қаласы, Алтай, Самар аудандарындағы 68303 ТЖМ 2-ші құтқару батальонының полиция қызметкерлері, ЖАО, еріктілері мен әскери қызметшілері тартылатын болады.

ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, балалар лагерьлері мен демалыс базаларының иелері шомылу маусымы басталғанға дейін оларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келтіру бойынша барлық іс – шараларды өткізуі қажет-акваторияның түбін тексеріп, құтқарушы-жасақтарды оқытып, медициналық құтқару бекеттерін құрып, арнайы қалқымалар мен ескерту белгілерін қойып, балалардың шомылу орындарын жабдықтау қажет.

Құтқарушылар демалушыларды шомылу үшін тек жабдықталған шомылу орындарын таңдауға, су айдындарындағы тыйым салу белгілерін елеп жүругк шақырады, өйткені бұл жерлерде қатты ағыс, шұңқырлар бар. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты адамдар мен азаматтар “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады: 364 – жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және 412 – су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау.

Шомылу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, нұсқаулықтар өткізіледі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша оқыту бейнероликтері таратылады, облыс мектептерінің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1227542?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version