ШҚО-да білім басқармасы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Беккужина білім басқармасы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.
Оның тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп кодексі нормаларын сақтау», деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелеріне арналды.
Семинар жұмысына дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Р. Назарбеков қатысып, деструктивті ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері, олардың қоғамда таралуының алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері, оның ішінде лудоманияның алдын алу, қызметтік автокөлікті мақсатсыз пайдалануға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, мемлекеттік қызметтегі күйзеліске төзімділік, басшылардың қызметтік әдепті сақтауы, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтары мәселелері қаралды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, адалдық, жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға және жалпыға ортақ моральдық-әдеп нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Әдеп кодексі» мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1227650?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау