Бүгін №12 орта мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты мерекелік іс-шара өтті.Бұл күн — мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын жас түлектер үшін ерекше әрі толқынысқа толы мереке болды. Іс-шара барысында ұстаздарға алғыс айтылып, үздік оқушылар марапатталды. Әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы естеліктер сыйлаған әсерлі сәттер көп болды. Сонымен қатар, 60 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жылы лебіздерін білдіріп, жас түлектерге ақ жол тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-ainabulak/press/news/details/1227963?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау