Соңғы қоңырау – тәртіп пен қауіпсіздік аясында: ШҚО полициясы ата-аналар мен түлектерді жауапкершілікке шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы қоңырау – тәртіп пен қауіпсіздік аясында: ШҚО полициясы ата-аналар мен түлектерді жауапкершілікке шақырады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ата-аналарға, мектеп бітіруші түлектерге және облыс тұрғындарына «Соңғы қоңырау» мен бітіру кештері кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

Полиция мәліметінше, бұл кезеңде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол жүрісі қағидаларын сақтамау және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз сыртта жүру фактілері жиілейді. Әсіресе, шулы кештер ұйымдастыру, коттедждерді жалға алу, автокөлік кортеждерін өткізу және басқа да қауіпті ойын-сауық түрлері алаңдаушылық туғызады.

Еске сала кетейік, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін жауапкершілік ата-аналарға да, түлектердің өздеріне де жүктеледі. Ата-аналарға балаларының қайда жүргенін және бос уақытын бақылауда ұстау ұсынылады. Ал мектеп бітірушілер жол жүрісі қағидаларын сақтап, алкогольдік ішімдіктерден бас тартып, қауіпті жағдайлардан аулақ болуы тиіс.

Мерекелік іс-шаралар кезінде ШҚО полициясы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1227296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version