Т. Рысқұлов ауданында «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» атты форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т. Рысқұлов ауданында «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» тақырыбында ауқымды форум ұйымдастырылып, оған ата-аналар, ұстаздар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Форум аясында Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрболат Қадырханов «Қауіпсіз жазғы каникул» тақырыбында баяндама жасап, жаз мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды. Баяндама барысында судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, балалардың терезеден құлау қаупі және ата-аналардың бақылауының маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – бала өмірінің басты кепілі екенін атап өтті.

Жамблыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1227268?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version