Тал егу шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам ғана емес, қоғамда тазалық мәдениетін орнықтыруға арналған жалпыұлттық қозғалыс.

Осы бастама аясында бүгін ауданда кең көлемде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, көше комитеттерінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары мен тазалық мекемесінің қызметкерлерімен бірге тал егу шарасына қатысты.

Қаланың кіре берісіндегі жасыл белдеуге жиналған көпшілік Арал қаласы жасыл желекке орансын деген ниетпен, көп күтімді қажет етпейтін, табиғаттың түрлі мезгіліне төзімді 30 түп қара тал отырғызды.

Осылайша туған жерге деген шынайы жанашырлықтың, елдік пен бірліктің жарқын үлгісі көрініс тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1227339?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version