ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында департамент басшысы Н. Махамбетовтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға сот орындаушылар, адвокаттар және нотариустар қатысты.
Құқықтық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және тұрғындарға құқықтық кеңес беру.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қабылдау кезінде жер дауы, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Құқық қорғау және сот органдарының мамандары азаматтарға заң аясында нақты түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, жаңа цифрлық қызмет – Жасанды интеллект негізіндегі құқықтық кеңесші жүйесінің іске қосылғаны туралы жадынамалар таратылды.

Түркістан облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1227374?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version