Түркістан облысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында Кентау қаласында профилактикалық есепте тұрған 30 отбасының тұрғылықты мекенжайлары араланып, құқықтық кеңестер берілді.
Полицейлер тұрғындарға отбасындағы татулықтың маңызы мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратты.
Акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасындағы қауіпсіздік пен бірлікті нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1227675?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау