Тимирязев мектеп-интернатында соңғы қоңырау соғылды. Бұл – түлектердің балалық шақпен және мектеп өмірімен қоштасуының символына айналған тебіреніс пен толғанысқа толы мереке. Бұл күні мектептің акт залы күлкіге, гүлдерге, алғыс сөздер мен шынайы сезімдерге толды. Түлектер үшін өмірдің маңызды бір кезеңі аяқталып, алда жаңа сынақтар, армандар мен үлкен үміттер күтіп тұр.
Оқушылардың, ұстаздар мен ата-аналардың қуанышын бөлісуге аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова келді. Ол өз құттықтауында түлектерге өз күшіне деген сенімділік, сәттілік және барлық бастамаларына табыс, мұғалімдерге – төзімділік пен шәкірттері үшін мақтаныш, ал ата-аналарға – шыдамдылық, даналылық тіледі.
Соңғы қоңырау – әрқашан ерекше сәт. Бұл күнде қуаныш пен толқыныс, алғыс пен үміт тоғысқан. Арада қанша жыл өтсе де, әрбір түлек осы мамыр айындағы күнді, мектеп қоңырауын және жүректе мәңгі қалатын алтын ұя мектебін ұмытпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1227977?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау