Жаңақорғанда мектеп бітіру салтанатты шарасы аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жаңарық ауылындағы №167 орта мектебінде аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен «Мектебім саған, мың алғыс!» атты мектеп бітіру салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерекелік шараға ұстаздар, ата-аналар, ардагерлер мен мектеп бітіруші түлектер қатысты. Шара барысында аудан басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды 2025–2026 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмір жолдарында биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, оқу жылы бойы білім мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұстаздар мен озат оқушылар облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары мен жас түлектер өнерлерін ортаға салып, әсерлі әндер шырқалып, би қойылымдары ұсынылды.

Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда 1234 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 1144 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірсе, 119 оқушы «Алтын белгіге», ал 121 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1227800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version