Жаңасемей ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы жоғары деңгейде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп бітіруші түлектер үшін ұйымдастырылған мерекелік жиынға ұстаздар, ата-аналар, ардагерлер мен қонақтар қатысты.

Салтанатты шара барысында мектеп директорлары мен ұстаздар түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, оқу жылы бойы білім мен өнерде, спортта жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.

Биылғы түлектер үшін соңғы қоңырау – балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн болды. Оқушылар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерін еске алды.

Жаңасемей ауданының жастарына жарқын болашақ, биік белестер мен сәтті қадам тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1227610?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version