ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жедел телефонограммасына сәйкес, Шымкент қаласында жылу желілерін цифрландыру, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, сондай-ақ жылу желілері құбырларын диагностикалау мәселелеріне арналған оқу семинары өтті.
Аталған семинарға басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері қатысып, саладағы жаңа технологиялар, цифрлық басқару жүйелері және жылу энергетикасын дамыту бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар барысында қатысушылар жылу желілерін пайдалану тиімділігін арттыру, апаттық жағдайлардың алдын алу, заманауи диагностикалық әдістерді қолдану және цифрлық платформалардың мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
Сонымен қатар, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізудің артықшылықтары талқыланып, сала мамандары үшін практикалық воркшоп ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1227682?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау