Бекітілген іссапар кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 21–22 мамыр күндері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №1 МӘС бөлімінің мамандары Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды.
Іссапар барысында 44 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 44 мүгедектігі бар адам куәландырудан өткізілді. Оның ішінде:
* 9 азамат алғаш рет куәландырылды;
* 35 азамат қайталама куәландырудан өтті;
* 18 қызмет проактивті сырттай форматта көрсетілді;
* 2 азамат толық оңалтудан өтті.
Сонымен қатар, аудандық медицина қызметкерлерімен медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға аудандық емхананың ДКК төрайымы, психиатр, невролог және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қатысты.
Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, проактивті сырттай куәландыру тәртібі, сондай-ақ 031/е нысанындағы жолдамаларды сапалы рәсімдеу мәселелері талқыланды.
Мүмедектігі бар азаматтарды оңалту және абилитациялау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1228350?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау