№7 мектеп-гимназиясында «Жас прокурорлар» клубы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 мамыр күні Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жас прокурорлар» клубының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Клубтың ашылуы аясында оқушылар «Мектептегі буллинг: жауапкершілік пен заң» атты сот отырысын сахналады. Көрініс барысында балалар прокурор, судья, адвокат және куәгер рөлдерін шебер сомдап, буллинг пен әлімжеттіктің заң алдындағы ауыр салдары мен жауапкершілігін көрсетіп берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1228459?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version