Astana AI Film Festival өтінім қабылдауды бастады. Енді кез келген креатор өз фильмін платформаға жүктей алады: https://aaiff.ai/
Тіпті студияң, командаң немесе «кино саласындағы байланыстарың» болмаса да қатысуға мүмкіндік бар.
Басты талап — фильм толықтай жасанды интеллект көмегімен жасалуы керек.
Жоба ұйымдастырушылары Алмас Жали мен Айзатулла Хуссейн фестивальді әлемдік деңгейдегі алаңға айналдыруды көздеп отыр.
Фестиваль шарттары:
- фильм ұзақтығы — 10 минутқа дейін;
- кез келген елдің қатысушылары қатыса алады;
- қатысу тегін;
- жасқа және кәсіби талаптарға шектеу жоқ;
- жүлде қоры — 1 миллион доллар.
Байқау екі бағыт бойынша өтеді:
Негізгі секция — «The future worth living in» тақырыбы.
«The Future of Worlds Within — біз өмір сүргіміз келетін болашақ. Бұл — байқаудың негізгі тақырыбы. Креаторлар дәл осы бағытта бүгіннен бастап жобаларын дайындауы керек. Жұмысты аяқтауға 2,5 ай уақыт беріледі», — деді AAIFF жобасының авторы Айзатулла Хуссейн.
Сонымен қатар үздік визуал, үздік оқиға, режиссура, кейіпкер және концепция бойынша арнайы номинациялар болады.
«Қазір бұл трендті алғашқылардың бірі болып түсіну маңызды. Осы бағытқа ерте кіріп, AI-кинофестивальдермен айналысатын ел ретінде өз орнымызды қалыптастыруымыз керек», — деп түйіндеді Алмас Жали.
Өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1228018?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау