Алға ауданында «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алға ауданына қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтті.

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласындағы №3 қазақ орта мектебінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды лебізін білдірді және сәт сапар тіледі.

2025–2026 оқу жылын аудан бойынша 8 632 оқушы аяқтады. Оның ішінде 473-і – мектеп бітіруші түлектер. Биыл аудан аумағында 27 оқушы «Алтын белгіге», ал 22 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.

Салтанатты шара барысында аудан басшысы түлектерді жаңа өмір белесімен құттықтап, олардың ел болашағына қызмет ететін саналы әрі білімді азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқу жылының соңғы күнінде барлық мектепте «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мектептегі балдәурен шақпен қоштасқан түлектер үшін бүгінгі күн ерекше әсерге толы болды. Ұстаздар мен ата-аналардың ақ батасымен үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін бұл күн ұмытылмас сәт ретінде есте қалары анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1228614?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version