Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз тарату арнасын әшкерелеп, оның қызметін тоқтатты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында туыстық байланысы бар үш азамат ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала ұйымдасқан түрде әрекет етіп, есірткі заттарын тарату схемасында әрқайсысы өз міндетін атқарған.
Жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеріс кезінде синтетикалық және өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттар салынған орамалар, сондай-ақ таратуға дайындауға арналған электронды таразылар, қаптама материалдары және өзге де құралдар тәркіленді.
Сонымен қатар қала аумағында есірткі заттарын тарату мақсатында жасырылған бірнеше жасырын орындары анықталды.
Тәркіленген заттардың жалпы көлемі ірі партияға жатады. Барлық заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.
Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаровтың айтуынша:
«Өткізілген операция барысында есірткі заттарын заңсыз таратуға қатысы бар топтың қызметі тоқтатылды. Олардың алдын ала келісіп, әрқайсысы өз рөлін атқарып, жүйелі түрде қаптау және тарату жұмыстарымен айналысқаны анықталды. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі есірткі және оны дайындауға арналған құралдар тәркіленді. Мұндай қылмыстар қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Заң алдындағы жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды», – деді ол.
«В ходе проведенной операции пресечена деятельность группы, которая, по имеющимся данным, была вовлечена в незаконный оборот наркотических средств. Особую обеспокоенность вызывает тот факт, что фигуранты действовали совместно, распределяя роли и системно занимаясь фасовкой и распространением запрещенных веществ. Из незаконного оборота изъята крупная партия наркотиков, а также оборудование, используемое для их подготовки к сбыту. Подобные преступления представляют серьезную угрозу обществу, особенно молодежи. Работа в данном направлении продолжается. Мы подчеркиваем: ответственность за подобные действия неизбежна и будет наступать в полном объеме закона», – отметил начальник Управления по противодействию наркопреступности ДП города Алматы Батуржан Абдумасаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1228033?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау