Алматы қаласында өтіп жатқан “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер қаладағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған атыс қарулары жасырылған орынды анықтады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алатау ауданындағы жеке тұрғын үйлердің біріне жақын аумақтан қару сақталған жасырын қойманы тапты.
Жасырын орында бұрын қару-жарақ дүкенінен қолды болған екі қос ұңғылы мылтық сақталғаны белгілі болды.
Тәркіленген қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жолданды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров заңсыз айналымдағы қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.
– “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз сақталған қару-жарақты, ұрланған қаруларды анықтап, айналымнан шығару. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады, – деді Асхат Дәулетияров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1228821?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау