Алматыда қауіпті дрифт үшін жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында агрессивті жүргізуді, жолдағы қауіпті маневрлер мен «дрифт» жасау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған екі жүргізушіні анықтап, оларды жауапкершілікке тартты. Әрқайсысына бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот шешімімен бір құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, екіншісіне айыппұл салынды.

Полиция мұндай заң бұзушылықтар назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Агрессивті жүргізудің әрбір фактісі құқықтық баға алып, кінәлі тұлғалар заң аясында толық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың барлығын кешенді түрде тіркеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бір құқық бұзушыға бірнеше әкімшілік хаттама толтырылып, бұл жауапкершілік деңгейін арттырып, жазаның бұлтартпау принципін қамтамасыз етеді.

«Жолдағы агрессивті жүргізу мен дрифт — азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. Біз мұндай фактілерге қатаң түрде әрекет етіп, барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартамыз. Қоғамдық жолдарда “шеберлікті” көрсету әрекеттері міндетті түрде заң алдында жауап берумен аяқталатынын түсіну маңызды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады», — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Алматы полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1228029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version