Алматыда «Қозғалыстың жас инспекторлары» қалалық слетінің жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында мегаполистің сегіз ауданынан келген командалардың қатысуымен «Қозғалыстың жас инспекторлары» (ҚЖИ) қалалық слеті өтті.

Іс-шара балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау барысында қатысушылар Жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар шығармашылық және үгіт-насихаттық қойылымдарын ұсынды. Командалар жоғары дайындық деңгейін, тәртіп пен ұйымшылдықты танытты.

Слет қорытындысы бойынша:
І орын — Жетісу ауданы (№112 мектеп);
ІІ орын — Наурызбай ауданы (№206 мектеп);
ІІІ орынды Медеу ауданының №98 мектебі мен Алатау ауданындағы №212 мектеп-гимназиясы өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бала кезден басталуы тиіс. Бүгінгі ҚЖИ қатысушылары — жай ғана оқушылар емес, олар жол қауіпсіздігін насихаттаудағы және құқық бұзушылықтың алдын алудағы біздің сенімді көмекшілеріміз. Осындай бастамалар арқылы біз жауапкершілігі жоғары жол қозғалысы қатысушыларын тәрбиелейміз», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Аталған слет білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1228037?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version