Алматы қаласы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы азаматтарының алғашқы жеке куәліктерін, сондай-ақ елімізде тұрақты тұру құқығын алған азаматтарға ықтиярхаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға Департамент басшылығы, полиция қызметкерлері, сондай-ақ рәсімге қатысушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.
Шараның басты мақсаты — ресми құжаттарды табыстаумен ғана шектелмей, жастардың құқықтары мен міндеттеріне деген жауапкершілігін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті нығайту және заңды құрметтеудің маңызын түсіндіру.
Айта кетейік, жеке куәлік пен ықтиярхат рәсімдеу және беру мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі және мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етпейді.
Салтанатты рәсім барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов бұл күннің жастар өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
«Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі маңызды кезеңдердің біріне қадам басып отырсыздар. Бұл — жай ғана құжат алу емес. Бұл — сіздердің азаматтық болмыстарыңыздың, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершіліктеріңіздің белгісі. Осы сәттен бастап алдарыңызда жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сонымен қатар, заңды сақтау, айналаңызға құрметпен қарау және Отанды сүю секілді үлкен жауапкершілік жүктеледі», — деді Алматы полициясының басшысы.
Шара барысында ата-аналардың рөліне де ерекше назар аударылды. Балаларына адалдық, еңбекқорлық, сыйластық секілді өмірлік құндылықтарды дарытқан ата-аналарға алғыс білдірілді.
Алматы қалалық Көші-қон қызметі басқармасында мұндай салтанатты рәсімдер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушыларға сәттілік, болашаққа сенім және елге адал қызмет тілек етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1228031?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау