“Apple Inc” компаниясының құқық иелерімен дөңгелек үстел өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 25 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында “Apple Inc” компаниясының құқық иелерімен дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан аумағында компанияның құқықтарын сенімхат негізінде «АИС Казахстан» ЖШС қорғайды.
Кездесу барысында түпнұсқа және жалған өнімді ажырату жолдары түсіндіріліп, контрафактілік тауарлардың алдын алу бойынша тәжірибелік ақпараттар берілді. Сондай-ақ өнімнің таңбалануы, қорғаныш белгілері мен сапалық ерекшеліктеріне назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейту, тұтынушыларды заңсыз әрі сапасыз өнімдерден қорғау және адал бәсекелестік ортасын қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1228043?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version