«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы АНОНС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы АНОНС

 

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында, 2026 жылғы маусым айында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, сондай-ақ оларды жою және барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысуға азаматтық қоғам, бейүкіметтік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық кеңес өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Ұсыныстар мен ұсынымдар, сондай-ақ жұмыс тобына қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 1 маусымға дейін Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы-заңгері Мұрат Майданұлы Аманбаевқа келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8 – (716-2) 76-21-34; 76-34-27 (қабылдау бөлмесі).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sport/press/news/details/1228858?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version