2026 жылғы 22–24 мамыр аралығында армрестлингтен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Айта кету керек, аталған спорттық іс-шара өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту және тәртіпті насихаттауға бағытталған «Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде ұйымдастырылды.
Өңірдің ең мықты қол күресі шеберлерін жинаған бәсекеге Өскемен, Риддер, Алтай, Ұлан, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарынан 120-ға жуық спортшы қатысты. Боз кілемде бақ сынаған білектер тартысы жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен нағыз спорттық рухты көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
-
1-орын — Риддер қаласы;
-
2-орын — Өскемен қаласы;
-
3-орын — Алтай ауданы.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды, сондай-ақ бапкерлер құрамын құттықтайды. Спортшыларымызға алдағы уақытта да кәсіби шеберліктерін шыңдап, республикалық және халықаралық ареналарда жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете беруді тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1228837?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау