«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Нұрғалиев «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.
Дәріс барысында «Қазақстан Республикасының нотариустарымен нотариалды куәландырылатын құжаттарға апостиль қою тәртібі» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, апостиль ұғымының құқықтық мәні, оны қоятын уәкілетті органдар және алу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Аталған тақырып шеңберінде халықаралық құжат айналымындағы рәсімдердің маңыздылығы мен олардың құқықтық салдары ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы аясында қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әрбір азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттыру мәселелері қозғалды. Жастардың бойында парасаттылық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын орнықтырудың маңыздылығы ерекше назарға алынды.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралардың өзектілігі мен маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228627?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау