Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы əлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Astana AI Film Festival фестивалінің ресми сайты aaiff.ai əлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан халықаралық AI-фильмдер байқауына қатысуға өтінім қабылдауды бастады. Астанада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы, байқау бағдарламасы жəне іске қосу кезеңі таныстырылды.

Фестиваль ұйымдастырушысы Алмас Жəлидің айтуынша, байқау бағдарламасы екі секциядан тұрады: «The future worth living in» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ») тақырыбына арналған негізгі секция жəне үздік режиссура, визуалды тіл, оқиға, концепция жəне кейіпкер номинациялары бойынша ашық секция.

Байқаудың негізгі талабы — фильмнің full AI технологиялары арқылы жасалуы. Яғни, жасанды интеллект қосымша құрал ретінде емес, туындыны жасаудың негізгі инструменті ретінде қолданылуы тиіс.

«Фестиваль 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада Astana AI Week — жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Бұл AAIFF-ті елдегі ірі технологиялық іс-шаралармен байланыстырып, фестивальдің халықаралық мəртебесін күшейтеді», — деді Алмас Жəли.

Байқауға қатысу тегін жəне жас ерекшелігіне немесе кəсіби тəжірибесіне қарамастан барша ниет білдірушілерге ашық. Қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм əзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге aaiff.ai фестиваль платформасына жүктеуі қажет.

«Өтінім фестивальдің ресми сайты арқылы қабылданады. Жұмысты екі жолмен жіберуге болады: YouTube платформасына жүктеп,  сілтемесін  көрсету  немесе  Google  Drive  сервисіне ж ү к т е п , с і л т е м е с і н ж о л д а у . Б а р л ы қ ө т і н і м д е р ұйымдастырушылардың бірыңғай базасында тіркеледі жəне жүргізіледі. Сондықтан авторларға өтінім мəртебесін бақылауда ұстаудың қажеті жоқ», — деді жоба авторларының бірі Айзатулла Хуссейн.

YouTube платформасына жүктелген видеолардың сипаттамасында міндетті түрде «Special for Astana AI Film Festival» тіркесі, автордың аты-жөні жəне #SpecialForAAIFF хэштегі көрсетілуі тиіс.

Іріктеу қорытындысы бойынша AAIFF командасы мен халықаралық сарапшылар негізгі секциядан 10 жəне ашық секциядан 15 жұмысты таңдап алады. Финалистерді киноиндустрия, AI-қоғамдастық жəне creative tech саласының өкілдерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады. Байқау финалистері қыркүйек айында жарияланып, көрсетілімдер мен жеңімпаздарды марапаттау рəсімі Astana AI Week аясында Астана қаласында өтеді.

Аталмыш жоба – жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған фильмдерге арналған халықаралық фестиваль. Алаң авторларды, digital-креаторларды, технологиялық компаниялар өкілдерін, сарапшылар мен инвесторларды біріктіреді. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, панельдік пікірталастар, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған pitch-сессиялар ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар фестивальді жыл сайын өткізіп, оны AI-кино мен цифрлық шығармашылықтың жаңа бағыттарын дамытуға арналған тұрақты халықаралық платформаға айналдыруды жоспарлап отыр.

 

Фестивальдің ресми сайты: aaiff.ai

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1228926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version