Атырау облысында полицейлер егіз сәбиді ауруханаға жедел жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     25 мамыр Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының №25 бағытында қызмет атқарған полицейлер шұғыл жағдайда көмек көрсетті.

     Қызмет барысында сағат 21:27 шамасында Атырау – Орал тасжолының 9-шақырым тұсында Сарайшық ауылынан Атырау облыстық балалар ауруханасына бағыт алған арнайы жедел жәрдем көлігі техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған.

     Жедел жәрдем көлігінде науқас егіз сәбилер болған. Науқастардың жағдайын ескерген медицина қызметкерлері полициядан көмек сұраған.

     Полицейлер сәбилерді, олардың анасын және медицина қызметкерін арнайы қызметтік автокөлікке отырғызып, жарқылдауық маяктар мен арнайы дыбыстық сигналдарды қосып, Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жедел түрде жеткізді.

     Қазіргі таңда сәбилер дәрігерлердің бақылауында. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында сәбилерге уақытылы медициналық көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1228487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version