АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында облыстық көшпелі штаб отырысы өтіп, шегіртке тектес зиянкестерге қарсы дайындық барысы пысықталды. Аудан аумағында биыл 562 мың гектардан астам жерді зерттеу жоспарланған, оның ішінде 60 мың гектарға жуық алқап толық химиялық өңдеуден өтеді. Өткен жылмен салыстырғанда үйірлі шегірткеге қарсы өңдеу көлемі 15,6 мың гектарға, ал саяқ шегірткеге қарсы көлем 28,1 мың гектарға ұлғайып отыр. Биыл тиімділікті арттыру үшін агродрондардың орнына заманауи аэрозольді генераторлар мен жеңіл ұшақтар қолданылады. Бұл іске мемлекеттік құрылымдармен қатар жергілікті 63 шаруа қожалығы да өз техникаларымен дербес жұмылдырылмақ. Шет ауданы Ұлытау және Жамбыл облыстарымен шекаралас орналасқандықтан, зиянкестер миграциясының 75-80 пайызы осы өңір арқылы өтеді, соған байланысты көршілес облыстармен бірлескен бақылауды күшейту және улы химикаттарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қатаң сақтау тапсырылды. Жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1228282?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version