Безгектің алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Безгек – тропикалық және субтропиктік климаты бар елдерде кең таралған ауыр жұқпалы ауру. Безгек қоздырғышының көзі – науқас адам немесе паразит тасымалдаушысы, ал тасымалдаушысы – Anopheles тұқымдасының масалары.

 

Адамдарда безгекті тудыратын Plasmodium тектес паразиттердің бес түрі бар: P. falsiparum (тропикалық), P. vivax (үш күндік), P. ovale (овале-безгек), P. кnowlesi (кnowlesi-безгек). Тропикалық безгек адам үшін ең қауіпті түрі болып саналады және дәрігерге кеш жүгінген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. 

 

Алматы қаласында безгектің сырттан әкелінген бірлі-жарым жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы және 2025 жылы Африка елдерінен әкелінген бір жағдайдан тіркелген.

 

Инфекция безгек плазмодийімен зақымдалған маса шаққанда таралады. Безгек жұқтырылған адамның қанын құю, органын ауыстыру, бір шприцті немесе ине қолдану арқылы жұғуы мүмкін, сондай-ақ жұқтырған анадан босану кезінде ұрыққа берілуі мүмкін.

 

Безгек ауруының инкубациялық кезеңі жеті күннен үш жылға дейін созылады (түріне қарай).  Маярияның негізгі белгілері: қалтырау, қызба,  қатты бас ауруы, тершеңдік, қызбаның қайталанатын ұстамалары.

 

Безгек аурушаңдығын алдын алу шаралары ауруларды және паразит тасымалдаушыларды ерте анықтауға және түбегейлі емдеуге, сондай-ақ масалармен күресуге бағытталған.

 

Науқастар мен паразит тасымалдаушыларды ерте анықтау үшін безгек бойынша қолайсыз жерлерден келген барлық дене қызуы жоғары көтерілген науқастардың қанын міндетті түрде зерттеу қажет. Безгекті диагностикалау симптомдары мен қан талдауы негізінде жүргізіледі.

 

Безгек ауруы бойынша эндемиялық елдерге баратын адамдар аурудың алдын алу үшін елдерге барудан бір апта бұрын тұрақты түрде безгекке қарсы дәрі қабылдауды бастау керек. Дәріні қабылдау барлық уақыт бойы сол елдерде болу кезінде және елге қайтқаннан кейін бір ай бойы жалғасады. Дәріні таңдау барған еліне байланысты, ал оның дозасын дәрігер анықтайды.

 

Безгек ауруы қаупі бар елдерде болған кезде масалардың шағуынан сақтану керек. Тұрғын үйлердің есіктер мен терезелерін москит торымен жабу керек. Егер тор жоқ болса, масалардың үйге кіруін болдырмау үшін түнде терезе мен есікті жабу қажет. Масалардың шағуынан қорғану үшін жеке қорғаныс құралдарын – репелленттерді қолдану, денені барынша жабатын киім кию (ұзын жеңді көйлек, шалбар), әсіресе тропикалық ормандарда серуендегенде маңызды.

 

 

Бөлмеге масалардың кіруіне жол бермеу үшін, егер тор болмаса, түнде терезелер мен есіктерді жабу керек. Сонымен бірге маса шаққан кезде жеке қорғаныс құралдарын –  репелленттерді қолданыңыз, мүмкіндігінше, әсіресе тропикалық ормандарда серуендеу кезінде денені жауып тұратын киім киіңіз (ұзын жең және шалбар).

 

Есіңізде болсын! Безгекпен ауыратын науқастарды ерте анықтау ғана олардың толық сауығып кетуіне және инфекцияның айналадағы адамдарға таралуын болдырмауға көмектеседі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1228476?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version