Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.

Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы аудан бюджетінің орындалуы, оның ішінде кіріс және шығыс бөліктері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы қаралды.

Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарғалы аудандық бөлімшесімен бірлесіп кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Кәсіпкерлік саласын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты бөлімдерге әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді игеру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заң талаптарына сәйкес жүргізу және кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1228962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version