Депутаттар елордадағы өрт сөндіру бөлімдерін аралады (25.05.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық мәслихат депутаттары қаланың ескі бөлігінде орналасқан №8 және №16 өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта екі нысанда да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

№8 өрт сөндіру бөлімі 1980 жылы салынған. Мұнда 60 қызметкер жұмыс істейді, 6 бірлік техника бар. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.

№16 өрт сөндіру бөлімі 1979 жылы пайдалануға берілген. Бөлімде 52 қызметкер қызмет атқарады, 5 бірлік техника жұмылдырылған. Нысанды жөндеу 2026 жылдың тамызына дейін жалғасады.

Өрт сөндіру бөлімдерінде қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып, техникаға арналған бокстар кеңейтіліп, бөлімшелердің инфрақұрылымы жаңғыртылуда.

Сондай-ақ депутаттар арнайы техникалардың жаңартылуымен, заманауи жабдықтардың сатып алынуымен, арнайы киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен және өрт сөндіруге арналған жаңа құралдармен танысты.

Аталған шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру елорданың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ТЖД қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1228527?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version