Елордада жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Орталық саябақта Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған республикалық айлық бастау алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын 26 мамыр мен 26 маусым аралығында дәстүрлі түрде өтетін іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кең ауқымды профилактикалық акцияға айналмақ.

Акция бағдарламасы аясында ауқымды флешмоб, концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен эстафеталар, автокөліктер көрмесі ұйымдастырылады.

«Акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Осындай профилактикалық іс-шаралар арқылы олардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру.
Бүгінгі таңда қоғамымызда жастарды есірткі таратуға шақыру жиіледі. Міне, жаз басталады, каникул болады, осы кезде жастар табыс табамыз деп алданып, есірткі таратушыға айналып кеткенін білмей қалуы мүмкін. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін аталған ауқымды іс-шаралардың үлесі зор», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов.

Акцияға полиция қызметкерлері, ІІМ жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерінен бөлек, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен жастар ұйымдары да атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1229017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version