2026 жылғы мамыр айында Ақтөбе қаласының санитариялық-карантиндік бақылау пункті «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайында «Этиологиясы белгісіз қызба» инфекциялық ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мақсатында оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайының қызметкерлері, Көліктегі Ақтөбе бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар, «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» қызметкерлері және «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандары қатысты. Оқу-жаттығу барысында инфекциялық ауруға күдікті науқас анықталған кездегі әуежай қызметтері мен медициналық ұйымдардың іс-қимыл алгоритмін сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және алдын алу шараларын ұйымдастыру деңгейі тексерілді. Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша комиссия тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1228709?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау