Департамент басшысы Б.Масалимова Семей қаласындағы №6 гимназияда өткен «Білімім – Отаныма» атты салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде қатысты. Ғасырдан астам тарихы бар – №6 гимназия талай дарынды тұлғаны тәрбиелеп шығарған, тағылымы терең, дәстүрі қалыптасқан, сапалы білім мен саналы тәрбиенің ордасы.
Биыл гимназияны 103 түлек тәмамдауда. Оның ішінде 4 – «Алтын белгіге», 9 – «Үздік аттестатқа» үміткер бар. Бұл – ұстаз бен шәкірттің тынымсыз еңбегінің, жүйелі білім мен нәтижелі тәрбиенің айқын көрінісі. Өңірде 2025-2026 оқу жылын 100 мыңнан астам оқушы аяқтады, оның ішінде 6065 түлек 11-сыныпты тәмәмдап отыр. 438 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Жас түлектер, ел болашағына қызмет ететін білімді де білікті азамат болуларыңа тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1228651?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау