Алатау қаласының әкімдігі “Алатау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ, Алатау қаласының аумағында орналасқан егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (бұдан әрі-ЕТЖЖ) бойынша алдағы уақытта қоғамдық талқылаулар өткізу туралы жалпы ақпаратты, соның ішінде мүдделі жұртшылықты қоса алғанда хабардар етеді:
Алатау қаласының Gate District аумағының ЕТЖЖ. А-3 автомагистралінен оң Есентай өзеніне дейін (742,0 га);
Алатау қаласының Golden District аумағының ЕТЖЖ. Жаңаталап шағын ауданының шығысында А-3 автомагистралінің батысында (948,4 га);
Алатау қаласының Golden District аумағының ЕТЖЖ. Қосөзен және Әли ауылдарының арасында (3591,7 га);
Алатау қаласының Growing District аумағының ЕТЖЖ. Кіші Алматы мен Қарасу-Байсерке өзендерінің арасында (843,8 га);
Алатау қаласының Growing District аумағының ЕТЖЖ. Дәулет шағын ауданының солтүстік-шығысында (529,0 га);
Алатау қаласының Growing District аумағының ЕТЖЖ. Жаңаарна шағын ауданынан солтүстікке қарай Қаскелең өзеніне дейін (1109,2 га).
Алатау қаласының Green District аумағының ЕТЖЖ. А-3 автомагистралінің шығысында Арна шағын ауданына дейін (1067,0 га).
Алатау қаласында әсер етуі мүмкін елді мекендері мен шағын аудандары: Дәулет, Арна, Жаңаарна, Ынтымақ, Жаңадәуір және Жаңаталап, сондай-ақ Іле ауданы Қосөзен ауылына әсер етуі мүмкін.
Тыңдау 2026 жылғы 29 мамырда сағат 15:00-де мына мекен-жайы бойынша өтеді: Алатау қаласы, Ынтымақ ш/а, Әл-Фараби көшесі, 2а/1 үй, Әл-Фараби атындағы №15 Мектеп ғимаратында.
Жоба әзірлеуші – «Almaty region master plan» ЖШС.
Тел: +7 (707) 324-00-40; е-mail: ast_g4city@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1228654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау