Интеллект, табандылық және жеңіс: Ақмола облысының оқушылары республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19–22 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.

Зияткерлік додаға Ақмола облысынан 17 оқушы қатысты.

Олимпиада 12 пән бойынша — жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда — жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысының оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір қоржынын лайықты марапаттармен толықтырды.

І-дәрежелі дипломмен Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, Хасен Аружан марапатталды.

ІІ-дәрежелі дипломмен:

  1. Черней Руслан – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
  2. Мұхамед Аяулым – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен:

  1. Сулейменова Сабина – Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  2. Съезбек Аяла – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
  3. Трихина Карина – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
  4. Гаранина Алина – Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  5. Мустафин Альтемир – «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  6. Жулькенов Султанбек – «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  7. Табылды Амиржан – «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен марапатталғандар:

  1. Медетбай Лейла – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
  2. Ерден Айнель – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.

Сонымен қатар, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелер үшін Ақмола облысына командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2026» ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1228305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version